Материалы стены перемещены в Гостевую книгу

Оқу ғимаратының салынған жылы, жалпы алаңы, оқу алаңы, ғимараттың түрі(типті, типсіз) ғимараттың жағдайы (күрделі, ағымдағы жөндеуді қажет етілуі).

1- ғимарат 1986 жылы салынған - 3қабатты,

2-ғимарат 2002 жылы – 3 қабатты,

3-ғимарат – 2005 жылы – 3 қабатты,

4-ғимарат 2006 жылы салынған – 3 қабатты.

5-ғимарат 2008 жылы салынған – 2 қабатты.

6-ғимарат 2010 жылы салынған – 4 қабатты.

 

Ғимараттар жаңа, жөндеуді қажет етпейді.

 

БОЛАШАҚ
 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» колледжі

 

«Болашақ» колледжі – беделді білім ордасы

 

    Шымкент қаласында 1999 жылы ашылған «Болашақ» колледжі өткен жылды үлкен табыстармен қарсы алып, білімді жастар даярлаудың асқар асуларын бағындыруда аянбай еңбек еткен  оқу орны.  Оқу процесін ұйымдастыруда оқушыларға 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаттары, жоғары және бірінші санатты тәжірибелі ұстаздар мен әдіскер-оқытушылар сабақ береді.

 

 

 

 

Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік-тұрмыстық салалары жағдайын одан әрі арттыру мақсатында жастарды төмендегі мамандықтар бойынша дайындайды:

 

 

  1. «Бастауыш білім беру»
  2. «Математика»
  3. «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру»
  4. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
  5. «Дене тәрбиесі және спорт»
  6. «Кәсіптік оқыту»  (Тігін өндірісінің технигі)
  7. «Кәсіптік оқыту» (Жол қозғалысын ұйымдастырушы техник-инспектор)
  8. «Есептеу техникасын бағдарламамен қамсыздандыру»
  9.  «Технология» (еңбек пәні)

10.   «Құқықтану»

11.  «Есеп және аудит»

12.  «Қаржы»

13.  «Аудармашы ісі»

14.   «Ақпараттық  жүйелер» 

 

 

Облыс әкімшілігі мен республикалық тәуелсіз сарапшылар алқасының «Алтын көшбасшы» байқауында арнаулы орта білім беретін мекемелер арасында өткізілген сараптама қорытындысымен 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ең үздік оқу орны» аталып, байқаудың «Алтын белгісін» иеленді.  Беделді оқу орындары қатарынан тиісті орын алған «Болашақ» колледжінің оқу-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған  6 зәулім оқу ғимараттары бар. Мамандықтар бойынша жаңа басылымдағы мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі 56500 оқулық қоры бар кітапхана, оқушылардың сабаққа дайындалуы үшін 200 орындық оқу залы, барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік талапқа сай үлгілі оқу кабинеттері, лабораториялары мен шеберханалары бар.

«Құқықтану» мамандығын таңдаған оқушыларға республикаға және облысымызға танылған, елімізге еңбегі сіңген құқық қорғау органдары мен заң қызметкерлері сабақ береді. Мамандық бойынша жабдықталған кабинеттер мен «Криминалистика», «Сот залында» өткізілген сабақтар болашақ заңгерлерде ерекше сезім қалыптпстырады.

Экономикалық-қаржылық, ақпараттық-технологиялық және педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін ерекше жағдай жасалған. Мультимедия  кабинеттерінде және интерактивті тақталармен жабдықталған оқу класстарында берілген білім мен соңғы модельдегі компьютерлермен жұмыс   істеу­ – студенттердің заманауи техникалардың қыр-сырын игерген мамандар болып шығуына үлкен ықпалын тигізуде.

Салауатты өмір салтын ұстанған жастар мен «Денешынықтыру және спорт» мамандығын таңдаған оқушыларға спорт ойындарын ұйымдастыру үшін спорттың барлық түрінен құралдар мен жаттығуларға арналған орындармен  жабдықталған «Спорт кешені», «Гимнастика залы» бар. Колледж оқушылары арасында республикалық, облыстық және оқу орындары арасында өткізілетін біріншіліктер мен спартакиада жеңімпаздары жетерлік.

 

 

 

Ағылшын тілін меңгеруге талап білдіргендер мен «Аудармашы ісі» мамандығын таңдаған жастар үшін лингофондық кабинеттері мен мультимедия кабинеттері бар «Стивенэйдж- Шымкент» ағылшын тілін оқыту орталығы жұмыс істейді. Оқушыларға Ұлыбританияда, Америкада біліктілік курстарынан өткен және облыстағы шетел тілін оқытатын мамандар арасында өткізілген жарыстар мен байқаулар жеңімпаздары

 

сабақ береді. Оқушылардың іс-тәжірибесі шетелдік компаниялар мен туристік фирмаларда

 

 

өткізіледі.

 

 

 Колледж оқушыларының өз қалаулары бойынша Ұлыбритания елдерінде апталық, айлық курстарын ұйымдастыру дәстүрге айналған.

 Колледжде мерекелік іс-шаралар өткізілетін 250 орындық мәжіліс залы, ғылым қуған оқушыларға 50 орындық конференция залы, өнерпаздарға арналған «Жастар орталығы» оқушылардың сүйікті орнына айналған.

 Колледж өнерпаздары жыл сайын ұйымдастырылатын «Шұғыла» өнер байқауының бірнеше дүркін жеңімпаздары болса, «Болашақ» көңілді жастар клубы жастарының аты елімізге таныла бастады.

 

  «Қыздар-ай» ұлттық би тобы қыздарының және әнші жастар өнеріне бүкіл ел ризашылық білдіруде. Тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 100 орындық асхана және  жабдықталған дәрігерлік көмек көрсету пункті жұмыс істейді.

Студенттердің өндірістік тәжірибелерін талапқа сай өткізу мақсатында базалық  мекемелермен, облыстың беделді өндіріс орындарымен және озық мектептерімен ұзақ мерзімге келісім-шарт жасалған.

 

                                                   

    

 

 

  

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 74 а.

Байланыс телефондары: 22-14-23, 22-14-25

 

© kolledj-bolashak

Создать бесплатный сайт с uCoz